My CMS
Аймақ

ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МАҚСАТЫНДА «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.  Отырыста жасөспірімдердің өмірі мен оларды ересек өмірге дайындауға бағытталған арнайы бағдарлама қажеттігі сөз болды. Себебі, соңғы уақытта елімізде кәмелет жасқа толмаған жастар арасында ерте жүктілік біршама артқан.

Отырысқа Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сәрсен Абайұлы комиссия мүшелерінің жаңа құрамымен таныстырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу керектігін баса айтты. Бұл мәселені қаншалықты жиі көтерілгенімен, шешу жолы, статистика төмендеген емес.

Мәжіліске қатысушылар кәмелет жасына толмаған оқушылар мен олардың ата-аналарына жекелей кеңес беру және іс-шаралар ұйымдастырылғаны айтылды.

Сонымен қатар, осы оқу жылынан бастап мектептерде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жүзеге асырылып келеді.

Биылғы жылы бағдарлама аясында құқықбұзушылық, ертежүктіліктің алдын алу бойынша 5 жоба («Жеткіншектің жеті жарғысы», «Ұрпаққа аманат», «Еңбегі адал жас өрен», «Өр талапты, озық ойлы ұлан», «Адал ұрпақ») бағытында құзырлы органдармен бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспары жасалған.

Айта кетейік, білім беру ұйымдарында ертежүктіліктің алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен «2023-2025 жылдарға арналған қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру, ертежүктілікті, репродуктивті денсаулығын қорғаудың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспары» жасалған. Жоспарға сәйкес «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Ерте жүктілік және қыздар гигенасы», «Жыныстық тәрбие-ертежүктілік», «Ертежүктіліктің ертеңі қандай?», «Өз тағдырың өз қолыңда», «Еркем өмірің болсын көркем», «Репродуктивті денсаулық сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптары бойынша 2 540 іс-шара, 182 арнайы мамандармен кездесулер, 306 қыз балалар жеке семинар кеңестер және коучингтер өткізілген.

Қатысты жаңалықтар

ХУДЖАНТТА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯЛАР КЕЛІСІМШАРТ ТҮЗДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

8 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

МАҢЫЗДЫ КҮННЕН ШЕТ ҚАЛМАЙЫҚ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз