Шымкент қаласында №12 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Құрылысына бюджеттен 1,8 миллиард теңге қаралған. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешенінің (спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілмек. Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков айтты.
Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс істейді. Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамыған. Атап айтқанда, 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері бар. Сондай-ақ, 18 490 спортшымен оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.
Сондай-ақ штаттағы 912 жаттықтырушы жұмыс істейді, олардың 638 олимпиадалық спорт түрі болса, 69 – ұлттық, 182- олимпиадалық емес және мүгедектігі бар — 23 жаттықтырушы жұмыс істейді. 2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866,0 млн. теңге қаржы қарастырылған.
Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 109 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, спорттың 17 түрінен 195 секцияда 12 024 бала спортпен айналысуда.
Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195 жуық басқа да қызметкерлер жалпы саны 523 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында бой көтерген «ЕЛАМАН» спорт кешенін пайдалануға берілу жоспарлануда. Аталған спорт кешенінде спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейн орналасқан.
Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жоғары спорттық жетістіктер бойынша 2024 жылдың 4 айдағы жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ, қала спортшылары спорттың бірнеше түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль еншілеген. Бүгінде қоржынымызда жалпы саны 698 медаль бар.
2024 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша: 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 79 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.