Ұлттың ең қымбат байлығы — білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты мақсаты. Сол себепті, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.
Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қаулысымен бекітілгені мәлім. Осы жоспарға сәйкес, Шымкентте «Sport life» кіші футбол орталығы пайдалануға берілмек. Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында берген брифингте айтты.
Бүгінгі таңда, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде — 16 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы спорт нысандары.
Спортты дамату мақсатында, қалада №12 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қазан айына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Құрылыстың жалпы қаржысы 1,7 млрд теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Тұран шағын ауданында 5 гектар жер телімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Паралимпиадалық, сурдлимпиалық спорт кешенінің» құрылысын 2025-2026 жылдар аралығында жүргізілетін болады.