My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдап, еліміздің ауыл шаруашылығы секторының биылғы 10 айда атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде мәлімет берді. Президент министрге саланы 5 жыл ішінде дамудың жаңа белесіне шығару, соның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру жөнінде міндет жүктеген болатын. Ол үшін аталған салада мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге, шаруаларды жеңілдетілген қаржымен және субсидиямен қамтамасыз етуге, егіс алқаптарын әртараптандыруға және ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға бағытталған құрылымдық және институционалдық реформалар жүргізу қажеттігін атап өткен болатын.
Осы орайда, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Шымкент қаласына арнайы келген болатын. Ведомство басшысы «АйМар Құс» ЖШС жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Кездесу барысында шаруалармен бірге сүт-тауарлы фермалар мен көкөніс қоймаларын жеңілдікпен несиелендіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, шаруалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге салықтың тарифтік ставкасын төмендетуді және асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізуді сұраған болатын.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Ауыл шаруашылығы министріне мегаполис аумағында салынатын қызанақ өсіруге арналған жаңа форматтағы ең ірі жылыжай кешенінің жобасын да таныстырды.
Құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаны түріктің «Alarko Holding» компаниясы жүзеге асыратын болады. Жаңа технологияларға негізделген жылыжай 500 гектар аумақты қамтиды. Нәтижесінде 2000 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарлануда.
Жұмыс сапары қорытындысында Ауыл шаруашылығы министрі қаладағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан шараларды оң бағалады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ АРТТЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМІ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШАНИНДІК ӘРТІСТЕР МӘСКЕУДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЛА ӘКІМІ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз