«Ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек. Бұл – жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Даму институттарының жұмысын жандандырып, бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізуге тиіс. Шетелдегі мекемелердің, орталық пен аймақтардың арасында тығыз байланыс орнату қажет. Ең бастысы, Инвестициялық штаб қажетті шешімді дер кезінде қабылдауы керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгінде Шымкент қаласында 2024 жылдың 3 айдың қорытындысымен 98,8 миллиард теңге инвестиция тартылып, 2023 жылмен салыстырғанда 110,9% құраған. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 13,2 миллиард теңге, ал жекеменшік инвестициялар 85,6 миллиард теңгені құрады.
Шымкент қаласында 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,7 триллион теңгеге 219 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды. Онда жаңа 31 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.
2024 жылы қаламызда жалпы құны 262 миллиард теңгеге 6336 жаңа жұмыс орындарымен 64 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда.
Бүгінде Шымкент қаласында жалпы аумағы 869 гектар құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 330,9 миллиард теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 229,0 миллиард теңгені құрайтын 285 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды деп күтілуде.
Бүгінде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 885 өнеркәсіптік кәсіпорын бар, оның ішінде 20 – ірі, 49 – орта және 816 – шағын өндірістерден құралған.
2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 250,6 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі 4,3%-ға артты.
Айта кетейік, 2023 жылы қалыптасқан өсу тенденциясын есепке ала отырып, 2024 жылы өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемі 1 107,5 миллиард теңгеге жетеді деп болжануда.