My CMS
Аймақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН 3 КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 45-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында биыл тағы 3 кәсіпорын (сүтті қайта өңдейтін) іске қосылады. Қазіргі таңда сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 6 кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, олардың жыл сайын қуаттылығы артып келеді.

Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жалпы ауданы 132 га «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылып жатқан индустриялық аймақтың 2023 жылы инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін салу жұмыстары аяқталады.

Шаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектелерімен келісім-шарттар түзіліп, 100-ден астам сауда орындарында бірінші қажетті тауарлар белгіленген бағада сатылып жатыр. Биыл әлеуметтік сауда орындарының санын ұлғайту жоспарланған.

Бұдан бөлек, қант, ұн, жұмыртқа, нан және ет (сиыр еті, тауық еті) өнімдерін өндіретін тауар өндірушілермен айналым бағыты бойынша келісім-шарттар түзілген. Көкөніс өнімдерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақты ұстап тұру мақсатында, егістік алқаптары бар шаруа қожалықтарымен баға өсімінің алдын алу бойынша форвардтық келісім-шарттар түзілді.

Қатысты жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ЖАҢА ГҮЛЗАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕГІ «ҚАЗАҚШЫЛДАР» ҰЙЫМЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН!

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз