My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТРОМОБИЛЬДЕР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлікті және электрмен жүретін көліктердің инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Заң — республикада экологиялық таза көлікті танымал етуге және электромобильдер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Осы мақсатта — Шымкентте электромобильдер шығаратын зауыт салу жоспарлануда. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Маңызды келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Олардың қатарында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы және ағын суларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін цифрлық жабдықтар шығаратын зауыт салу туралы алдын ала келісімдер, сондай-ақ қаланы көріктендіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және қолданысқа енгізу туралы меморандум бар.

Өздеріңізге мәлім, жақында ғана қала әкімі инвесторларды аумағында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отырған болатын. Ал, қала әкімі алдымен «Жұлдыз» индустриалды аймағымен таныстырып, ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланғанын атап өтті.

Бұл меморандумдар тек Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында да электромобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетін стратегиялық маңызды қадам саналады. Қала басшысы инвесторларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында жергілікті атқарушы органдардың құзыреті электр зарядтау станцияларын орналастыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау өкілеттіктерімен толықтырылған болатын.

Қатысты жаңалықтар

2024 жылғы 1 қаңтардан бастаппаспорт пен жеке куәлікті алған кезде азаматтардыміндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ 70-ТЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН КӨРСЕТУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз