My CMS
Аймақ

«AMANAT»  ПАРТИЯСЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Шымкент қаласы мәслихат депутаттары,  «AMANAT»  партиясының фракция мүшелері Айжан Наимбекова мен  Талғат Балтабаевтың қолдауымен  Қаратау ауданында орналасқан  №131 және №57 жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздарының арасында спорттың волейбол мен футбол түрлерінен жолдастық турнир өтті.

Шараның басты мақсаты — білікті ұстаздардың еңбек жолын жас мұғалімдерге насихаттау, білім беру саласы мамандары арасында  бұқаралық  спортты дамыту,  ұстаздар арасында жолдастық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Сайыстың нәтижесі бойынша футболдан №131 мектептің ерлер  құрамасы топ жарған болса,  волейболдан №57 метептің әйелдер құрамасы жүлделі бірінші орынды иеленді. Жарысқа қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталып, сонымен қатар «GRAMAD» сауда орталығы атынан ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ұстазын ұлықтаған ұлт озады — деп дана халқымыз  атап өткендей, саналы ғұмырын салиқалы ұрпақ   тәрбиелеуге арнайтын, мақтауы аз — машақаты көп мамандық иелеріне құрмет көрсетіп, мектеп  аралық  ынтымақты нығайтатын осындай мәдени-спорттық шаралар алдағы уақыттада  жалғасын табатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ЖОО және орта арнаулы оқу орындары студенттерімен «Тарихтан тағылым» атты форум өтті

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ШЫМКЕНТТІ БІРГЕ ТАЗАРТАЙЫҚ»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз