My CMS
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі шейхымен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме басында мемлекеттер басшылары бірін бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.  Көшбасшылар Қазақстан мен Катар арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны одан әрі қарай дамытудың қолайлы перспективалары бар екенін атап өтті.
Тараптар өзара сауда-саттықтың оң қарқынын одан әрі сақтауға және инвестициялық жобаларды, соның ішінде банк және қаржы салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін нақтылады.
 Қазақстан Президенті Катардың жетекші бизнес өкілдерін экономиканың басты салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсене атсалысуға шақырды.
Катар Әмірі көп жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін айтып, осы бағытта нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын дайындау үшін ресми өкілдерін жіберуге ниетті екенін жеткізді.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/537215-asym-zhomart-to-aev-atar-miri-shejkhymen-telefon-ar-yly-s-jlesti

Қатысты жаңалықтар

Ә.СМАЙЫЛОВ М.МИШУСТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

НАБЛЮДАТЕЛИ ТЮРКПА: НЕ БЫЛО ОБНАРУЖЕНО НИКАКИХ ЯВЛЕНИЙ, КОТОРЫЕ МОГЛИ БЫ ПРИВЕСТИ К РЕЗУЛЬТАТАМ РЕФЕРЕНДУМЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАП, ҚАТАҢ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз