My CMS
Соңғы жаңалықтар Қоғам

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ – ОТАНДЫҚ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯНЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСЫ

Медицина – ұлттың саулығы мен ел болашағының тірегі. Бүгінде қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі жаңа белестерді бағындырып, әлемдік деңгейде мойындалған жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Соның жарқын дәлелі – белгілі хирург, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жасалған бірегей операция. Бұл – медицина саласындағы ерекше серпіліс қана емес, еліміздің ғылыми әлеуетінің айғағы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған озық медициналық жетістікке ерекше назар аударып, орталық ұжымына Алғыс хат жолдады. Мемлекет басшысы операцияның еліміз үшін тарихи маңызын атап өтіп, дәрігерлер еңбегіне жоғары баға берді:

«Мемлекет денсаулық сақтау саласын дамытуға баса мән береді. Бұл ретте көптеген іргелі бастама қолға алынып, ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Соның нәтижесінде ұлттық медицина қарқынды дамып келеді. Сіздер жасаған бірегей операция – соның айқын дәлелі. Қазір еліміз өте күрделі трансплантациялық операция жасайтын әлемдегі алты мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл жетістікке отандық мамандардың, соның ішінде өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңіз бен ерекше білімдеріңіздің, сондай-ақ теңдессіз тәжірибелеріңіздің арқасында жетіп отырмыз. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақта да ұлт саулығын жақсарту үшін тынымсыз тер төгіп, халқымызға қалтқысыз қызмет ете бересіздер деп сенемін», – делінген Алғыс хатта.

Отандық медицина тарихындағы бұл айтулы оқиға – тек бір операцияның сәттілігі ғана емес, тұтас жүйенің дамуының айқын көрінісі. Мұндай жетістік – жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен тынымсыз еңбектің, ғылым мен практиканың үйлесімді жемісі.

Президенттің өзі атап өткендей, бүгінде Қазақстан әлем бойынша ең күрделі трансплантациялық операцияларды жасайтын санаулы мемлекеттердің қатарында. Бұл – шетелге алаңдамай-ақ, отандық мамандарға сенім артуға толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, болашақ медицина кадрларына жол ашып, еліміздегі медициналық білім мен ғылымның сапасын арттыратыны сөзсіз.

Осындай табыс пен толымды тәжірибе – отандық медицинаның келешегіне деген сенімді нығайтады. Ұлт саулығы жолында тынымсыз тер төгіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысымыз шексіз!

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкент қаласының дін істері басқармасының тапсырмасымен қаламызда жастар арасында “noextremism” , “noterrorism” тақырбында театр қойылымы, флешмоб, семинар-тренингтер өткізілді.

ulanonlinejob_r46y8xlo

ПАРТИЯЛАР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ШЕШУ ҮШІН КҮШ-ЖІГЕР БІРІКТІРУГЕ ДАЙЫН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз