My CMS
Аймақ Қоғам

ЭТНОМЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Этномедиация кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға ҚХА Хатшылық меңгерушісі, Этномедиация кеңесінің мүшелері, құрылым медиаторлары, сондай-ақ Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ніңқызметкерлері қатысты.

Кеңесті Этномедиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор, білікті заңгер Дана Ақәділқызы Кенжеқұлова ашып, II тоқсандағы кеңес қызметінің қорытындысы мен медиация саласындағы нәтижелі жұмыстармен таныстырды.

«Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXIV сессиясында берген тапсырмасына сәйкес, этномедиацияны дамыту бағытында бүгінгі отырысты ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз – қоғамда медиация мәдениетін қалыптастыру және этносаралық қатынастарда бейбіт келісім механизмін тиімді пайдалану», – деді Дана Кенжеқұлова.

Баяндамадан белгілі болғандай, II тоқсан ішінде кеңес мүшелері, 12 іс-шара ұйымдастырып, 650-ге жуық адамды қамтыған және 12 қылмыстық іс пен 548 азаматтық іс медиация арқылы шешімін тапқан.

Кеңес барысында сөз сөйлеген Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы этносаралық қатынастар бөлімі- ҚХА хатшылық меңгерушісі Айгүл Әмзеева этномедиацияның қоғамдағы орнына тоқталып, сала белсенділерін Медиация күнімен құттықтады. Сондай-ақ, осы бағытта еңбек етіп жүрген медиаторлар марапатталды.

Отырыс аясында судья, кеңес мүшесі Еркен Отарбаев пен қоғамдық медиатор Аббас Шамирзаев та өз пікірлерін білдіріп, медиацияның құқықтық және әлеуметтік маңызына тоқталды.

Кеңес соңында, қатысушылар ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, алдағы жұмыстар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін жеткізді.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

#ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #Этномедиация #Ethnomediation #DialogueforHarmony2025

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІҢ 97%-Ы ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА АУЫСТЫ: ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАҒА ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУ 2024 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖОЙЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҰСТАЗ ⁣⁣⠀

ulanonlinejob_r46y8xlo

КЕЛЕС АУДАНЫНДА АРДАГЕРЛЕР ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЛЕЛІ БАСҚОСУ ӨТКІЗДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз