My CMS
Соңғы жаңалықтар Қоғам

ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ СЫНАҚТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТАПСЫРДЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың 80 пайызы сынақты қазақ тілінде тапсырған. Сондай-ақ мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің 70 пайызы қазақ тілінде білім беретін сыныптарға барған.

– Бұл – мемлекет құрушы ұлттың тіліне деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсететін оң көрсеткіш. Біз мұны ешкімді мәжбүрлемей, табиғи жолмен қол жеткізіп отырмыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы тіл мәселесіне байланысты туындайтын кез келген арандатушылық әрекеттерге жол берілмейтінін де қатаң ескертті. Оның айтуынша, азаматтардың қай тілде сөйлеуі – олардың конституциялық құқығы, сондықтан ешкім бір-бірін белгілі бір тілде сөйлеуге мәжбүрлемеуі тиіс.

– Тіл мәселесін желеу етіп, қоғамда іріткі салғысы келетіндерге заң шеңберінде қатаң тосқауыл қойылады. Мұндай әрекеттерге мүлде жол берілмейді. Ал ел ішіндегі ынтымақ пен татулықты нығайтуға үлес қосқан азаматтар әрдайым құрметке ие болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұған дейін Ұлттық құрылтайда бірлік, отаншылдық, тәуелсіздік пен келісімді мемлекеттігіміздің басты құндылықтары ретінде атап өткен болатын. Сол құндылықтар негізінде тіл саясаты да байыппен әрі ұтымды жүргізіле беретіні белгілі болды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі жыл өткен сайын артып келеді. Бұл – тек мемлекеттік саясаттың ғана емес, ел халқының саналы таңдауы мен ортақ ұмтылысының жемісі.

Қатысты жаңалықтар

В ТАШКЕНТЕ ПОДПИСАНЫ ТРИ СОГЛАШЕНИЯ НА РЕАЛИЗАЦИЮ ПРОЕКТОВ В ШЫМКЕНТЕ СТОИМОСТЬЮ $196 МЛН

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА 58 БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҰЙЫМДАР КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕРІКТІЛІК — АЙНАЛАҢДАҒЫ АДАМДАРҒА ЖАНАШЫР БОЛУ МЕКТЕБІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз