My CMS
Саясат Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ: «БІЗ – ӘРТҮРЛІМІЗ, БІРАҚ БӘРІМІЗ ТЕҢБІЗ»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бейбітшілік пен бірлікке негізделген мемлекеттік саясаттың басты ұстанымдары жайлы айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстан азаматтарының ұлтына, діни нанымына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, баршаға әділ әрі тең жағдай жасау – ел саясатының негізгі бағыттарының бірі.

«Қазақстанда ешқашан адамды ұлтына, тіліне немесе дініне бола кемсіту болған емес, болашақта да болмайды. Бұл – біздің берік ұстанымымыз. Біз ешқашан популистік, асығыс шешімдерге жол берген емеспіз. Әрдайым салмақты, байыпты саясатты басшылыққа алып келеміз», – деді Президент.

Мемлекет басшысы мемлекеттік тіл мәселесіне де арнайы тоқталып, оның этносаралық қатынас тілі ретінде орнығу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, еліміздегі этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

«Отаншылдық, азаматтық, өзара сенім мен жауапкершілік – Қазақстан халқының ұлттық болмысының негізі. Қазақ жерінде тұрып жатқан әрбір этнос өзінің тілі мен дәстүрін сақтап, еркін дамытып отыр. Біз ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен келеміз. Ұлтаралық қатынастар саласында ең озық әдістерді қолдандық. Соның нәтижесінде еліміздегі қоғамдық келісім моделі халықаралық аренада танылған ерекше жетістікке айналды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің бұл мәлімдемесі елдегі ынтымақ пен татулықтың, түрлі ұлт пен ұлыстың жарасымды өмір сүруінің маңызын тағы бір мәрте айқындады. Ел бірлігін бекемдеу жолындағы мемлекеттік ұстаным – Қазақстанның болашақ табысының кепілі.

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкент қаласының дін істері басқармасының тапсырмасымен қаламызда жастар арасында “noextremism” , “noterrorism” тақырбында театр қойылымы, флешмоб, семинар-тренингтер өткізілді.

ulanonlinejob_r46y8xlo

2022 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗГЕ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 15,1 ТРЛН ТЕҢГЕ БОЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз