My CMS
Соңғы жаңалықтар Экономика

МАҚСАРЫҒА МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ: ШАРУАЛАР БЕЛСЕНДІ ЕГІС НАУҚАНЫНА КІРІСТІ

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өңірде көкөніс, бақша, арпа-бидаймен қатар, майлы және бұршақты дақылдар да кеңінен егіле бастады. Биыл мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқасында әсіресе мақсары дақылына деген қызығушылық едәуір артқан. Бұл майлы дақылды өсірушілер қатарының көбеюіне ықпал етіп отыр.

Шаруалардың үміті — мақсары

Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылының тұрғыны Қазыбек Мұздыбаев биыл 180 гектар жерге мақсары дақылын екпек. Шаруа мақсатты түрде дәл осы дақылды таңдағанын айтады. Себебі біріншіден, мақсары жердің құнарын жақсартады, екіншіден, оның майына сұраныс жоғары, әсіресе көрші Қытай нарығы тарапынан.

«Мақсарының бағасы бидай мен арпадан жоғары. Мәселен, бидайдың бағасы 60 теңгеден басталса, қысқа қарай 80 теңгеге жетеді. Ал мақсары 100 теңгеден бастап, бүгінде 150-160 теңгеге дейін көтерілді. Біз ұрықты өзіміз өндіреміз, арнайы агрегатпен тазалап, себуге дайындаймыз», — дейді Қазыбек Мұздыбаев.

Ол биылғы жылы егістік алқабынан 200 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Жиналған өнім Шымкент қаласы мен Төлеби ауданындағы үш бірдей май өңдейтін кәсіпорынға жеткізілмек.

Мемлекеттік қолдау шаруаларды ынталандыруда

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Райымбековтің айтуынша, биыл аудан бойынша 65 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Оның ішінде жаздық және күздік бидай – 16 мың, арпа – 7 мың, мақсары – 11 мың гектар жерге орналастырылмақ.

«Биылдан бастап шаруалар тарапынан түскен өтініштерге сәйкес мемлекет әр тонна мақсары өніміне 10 мың теңгеден қолдау көрсетеді. Бұл — шаруалардың мақсарыға деген қызығушылығын арттырды. Қазіргі таңда 4 мың гектарға жуық алқапқа мақсары себіліп үлгерілді», — деді Асхат Райымбеков.

Жеңілдетілген жанармай мен несие қарастырылған

Аудан шаруалары үшін көктемгі дала жұмыстарына 2,5 мың тонна тыңайтқыш пен 317 тонна жеңілдетілген жанармай бөлінген. Сонымен қатар, «Кең дала-2» бағдарламасы аясында шаруалар 46 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, науқанды сәтті жүзеге асыруда.

Мақсары егісінің аумағы кеңейіп келеді

Биыл жалпы Түркістан облысы бойынша мақсары дақылы 71 мың гектар аумаққа егіледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі күнге дейін соның 30 мың гектарына дән себілген.

Мақсары – климатқа төзімді, әрі тиімділігі жоғары майлы дақыл. Оның егісін ұлғайту — ауыл шаруашылығын әртараптандыруға, фермерлердің табысын арттыруға және экспорттық әлеуетті дамытуға бағытталған нақты қадамдардың бірі.

Қатысты жаңалықтар

ҚХР ҚАЗАҚСТАННАН МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӘКЕЛУГЕ ҚОЙЫЛҒАН ШЕКТЕУЛЕРДІ АЛЫП ТАСТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Қуаныш Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚР ЕХӘҚМ: 68 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖОБАҒА ҚАТЫСТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз