My CMS
Соңғы жаңалықтар Спорт

«Қытай әйелдерінде таңдау жоқ». Олимпиада чемпионының әрекеті Қытайдағы теңсіздікті көрсетті

АҚШ-та туып Қытай атынан Пекин олимпиадасына қатысқан Эйлин Гу фристайлдың биг-айр түрінен чемпион атанған соң Қытай ішінде жұлдызға айналып, оның есімі елдегі интернетте трендке шыққан еді. Бірақ кейінгі күндері интернет қолданушылар Эйлин Гудың инстаграмдағы постын сынап, оның қолында АҚШ пен Қытай паспорты болуы мүмкін деп азаматтығына күдік келтіріп жатыр. Олимпиадада Қытайға алтын әперген спортшы неге сынға қалды?

VPN МЕН ИНСТАГРАМНАН ШЫҚҚАН ШУ

18 жастағы Эйлиннің (шешесі – қытай, әкесі – америкалық) олимпиада кезінде Инстаграм парақшасында жариялаған постының астына қолданушылардың бірі «Сіз Инстаграм желісін қолдана аласыз да, Қытайдағы миллиондаған адам қолдана алмайды. Қытай азаматы ретінде ерекше құқыққа ие боласыз? Бұл әділетсіз. Интернеті шектелген миллиондаған қытайдың сөзін сөйлей аласыз ба?» деп жазды.

Қатысты жаңалықтар

 «ӨЗГЕРІСТЕР ЕЛШІЛЕРІ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАСТАРДЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Қала әкімінің қабылдауына 150-ге жуық азамат келді

ulanonlinejob_r46y8xlo

МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН 10 ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ.

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз