My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СКЕЙТПАРК ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ЖАТЫР

Өткен жылы Шымкентте 19 маусым – қала күніне орай бірқатар әлеуметтік нысандар халық игілігіне табысталған болатын. Кезекті нысандардың бірі – скейт парк. Скейт элементтері бар алаң жастарымыздың сұранысы бойынша қолға алынған болатын.

Қаламыздағы скейт элементтері бар алғашқы алаңда скейтбординг, BMX сияқты спорт түрлерімен шұғылдана алады. Бұл жаңа кеңістік бұрынғы Дельфин аквапаркінің аумағында орналасқан, онда скейтпен сырғанау алаңынан өзге воркаут аймағы, көше тренажерлары, роллердром, баскетбол алаңы, және әткеншектері бар тыныш аймақ та бар. Заманауи талапқа сай жабдықталған скейт парк мегаполис жастарының бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орталыққа айналды. 

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Абай саябағында орналасқан скейтпарк қайта жаңғыртылып жатыр. Бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз және ыңғайлы демалыс орны ұсыну мақсатында қолға алынған. Скейтпарк құрылысында сынған граниттер қалпына келтіріліп, сырғанауға арналған тақтайшалар жаңартылды. Сондай-ақ, жоспар бойынша алдағы уақытта саябақ аумағына жаңа жарықшамдар орнатылып, орындықтар мен спорт алаңшалары толығымен жаңартылады. Бұл шаралар қала тұрғындары үшін қолайлы әрі заманауи демалыс орталығын құруға бағытталған.

Құрылыс жұмыстарын «Cash and Port» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Жоба аясында мердігер компания екі жылдық кепілдік мерзімін ұсынып отыр. Аталған  уақыт аралығында нысан сапасы мен қызмет көрсету деңгейі жіті бақылауда болатын болады. Бұл жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде, Абай саябағындағы скейтпарк қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды әрі қауіпсіз демалыс орнына айналады деп күтілуде.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ КОНГРЕСС-ХОЛЛ САЛЫНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛГЕН НЫСАНДАР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНДА 28 КОМПЛАЕНС ОФИЦЕРЛЕРІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз