My CMS
Аймақ

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы аясында бірқатар жұмыстар жүзеге асып отыр.

Шымкент қаласының  аппараттық мәжілісінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековке Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы және су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы  баяндалды.

Қаратау ауданы әкімі Рақымберді Мүлкеманов аудан тұрғындарымен кездесулерде  көтерілген жол, қоғамдық көлік, инфрақұрылым, көгалдандыруға қатысты мәселелердің  шешімін жеткізді.

Ал, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ. Базарбаев су айдындарындағы қауіпсіздікті қамту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұл ретте жауаптыларға қауіпті су айдындарында арнайы белгілер орнату бойынша және қала аумағындағы барлық су бұрқақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар берілді. 

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысының міндетін атқарушы Т.Мекамбаев кенелерге қарсы  санитарлық өңдеу шараларын жеткізді. Сала басшысына бұл ретте саябақтарда залалсыздандыру жұмыстарын атқару тапсырылды.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 142 мыңнан аса адам, 962 өндірістік пен кәсіпкерлік нысан, 603 әлеуметтік нысан қатысты, 6311 бірлік техника жұмылдырылды. Науқан барысында 6 мың шақырымнан астам көше, 5 мың шақырымнан астам аяқ жол, 724 шақырымнан астам ирригациялық жүйе, канал мен арық тазаланып, нәтижесінде 5671 тонна қоқыс шығарылды.

Қала әкімі тиісті сала басшысына тазалық жұмыстарын тоқтатпай, алдағы уақытта да осы бағыттағы шараларды жүйелі атқаруды тапсырды. Сонымен қатар,  басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне халыққа берілген барлық уәделерді дер кезенде орындау қажеттігін ескертті.

Қатысты жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БРОНДАУ КЕЗІНДЕ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА АЙЛАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ШЫМКЕНТТІ БІРГЕ ТАЗАРТАЙЫҚ»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз