My CMS
Аймақ Соңғы жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫН КӨБЕЙТУ МАҚСАТЫНДА ГҮЛЗАРЛАР САНЫ АРТАДЫ

Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 гектарды алып жатыр, халық саны 234 857 адамды құрайды. Аудан әкімінің мәліметінше, мұнда 928 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мамытұлы Мыңбаев брифингте мәлімдеді.

Аудан 100% ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамтамасыз етілген. 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 70 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру үшін 1 миллиард 717 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Жобаның аясында 66 балалар ойын және 4 спорт алаңшасы салынып жатыр. Жоспар бойынша, жыл соңына қарай абаттандыру деңгейі 78,3%-ға жетіп, ал 2025-26 жылдары бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу көзделуде.

Ауданда 390 көше бар, оның 124-і (31,8%) жарықтандырылған. 2024 жылы 118 көшені жарықтандыру жоспарланып, жыл соңына дейін жарықтандыру көрсеткіші 62%-ға жетпек. Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен қосымша 50 көше ұсынылып, оның 22-сі жарықтандырылды. Жыл соңына дейін 342 көше жарықтандырылып, бұл көрсеткіш 87,6%-ға жетеді деп жоспарлануда.

Аудан аумағындағы 390 көше мен даңғылдардың жалпы ұзындығы 260 шақырымды құрайды. Оның ішінде 366 көше (245 шақырым) асфальтталған, ал 24 көше (15 шақырым) тас жолдан тұрады. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 32 көшеге асфальт қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде. Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылы асфальтталған көшелер саны 366-ға жетіп, жалпы көрсеткіш 94%-ды құрамақ. Аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге және демалыс орындарын көбейту мақсатында 2024 жылы 3 жаңа гүлзар салу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және қалада қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Ауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылып жатқан бұл ауқымды жобалар Әл-Фараби ауданы тұрғындарына өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға айтарлықтай үлес қосады.

Қатысты жаңалықтар

«КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкент қаласының қарқынды дамуы

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 216 АДАМҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз