Елімізде қыркүйектің үшінші жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі ретінде атап өтіледі. Мерекенің мақсаты – Мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясын жүзеге асырып, өнімді еңбекті ынталандыру.
Бүгін Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «Еңбек күні» мерекесі аясында «Адал еңбек – адам көркі» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке Арбат алаңында өтіп, қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік 100-ден астам жұмыс беруші 4 534 бос жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде 2 764 орын тұрақты, 1 770 орын «Жастар практикасы» бағдарламасына арналған.
Мерекелік іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, өндіріс орындары мен білім беру салаларындағы еңбек озаттарын марапаттады.
Іс-шара барысында Еңбек мобильділігі орталығының мамандары Еңбек.кз электрондық порталы ұсынған жұмыс орындарын халыққа таныстырды. Биыл қалада 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, қазіргі уақытта 23 691 адам қатысқан. Бұл жоспардың 78,4% орындалғанын көрсетеді.
Атап айтқанда, 2 426 (http://xn--nbek-u4d.kz/) порталы талап етілген дағдыға онлайн оқыса, 3 228 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік білімін жетілдіріп, 428 адамға комиссияның шешімімен қайтарымсыз грант берілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 639 адам жолданса, қаладағы тұрақты бос жұмыс орындарына 10 970 адам орналастырылды. Жәрмеңке арқылы 335 адам тұрақты жұмыс орнына, 106 жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жолдама алды, ал 139 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілді. Сонымен қатар, 65 тұрғынға қайтарымсыз грант беріліп, 18 адамға өңіраралық көші-қон мәселелері бойынша мамандардан кеңес алынды.