My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ 32 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Халықты жұмыспен қамту саясатының түпкі мақсаты мен көздеген мүддесі – халықты толық, азаматтардың өз еркімен таңдалған, нәтижелі жұмыспен қамту арқылы елдегі жұмыссыздық деңгейін азайтып, оны әлеуметтік стандарттарда ұстап тұру, еңбек нарығы мен оның жұмысын, реттелуін, құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық технологиялық трендтер еңбек нарығының кең көлемде трансформациялануына әкелетінін айтқан болатын.

– Қазіргі кезде еңбек шарты, кәсіподақ, еңбек демалысы сияқты ұғымдар өзгеріске ұшырауда. Фрилансерлердің, аут-сиафферлердің және басқаларының саны көбеюде. Осыған байланысты нормативтік реттеулерді қайта қарау қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жастарды жұмысқа орналастыруды төртінші негізгі міндет ретінде атап өтті. Сондай-ақ, «Жоғары оқу орындарды бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы 50 пайыздан сәл ғана асады. Біздегі «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жастар – Ел тірегі», «Жастар практикасы» сияқты бағдарламалардың тиімділігін арттыру керек. Олардың қайсы нақты жұмыс істейді, қаншасы жүзеге аспай жатыр? Осыларды қайта қарау қажет. Бұл мәселені ұдайы назарда ұстау керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда, жыл басынан бері Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында Шымкентте ауқымды жұмыстар жүруде. Былтырғы жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, оған 73 984 адам қатысқан. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9% құраған.

Ал, осы жылдың басынан бері жұмыссыздык 4,8 пайызды құрап отыр. Биыл жұмыспен қамту шараларына 56 962 адамды қатыстыру көзделген, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 32 128 адам қатысты. 2024 жылдың ІІ тоқсандағы жағдаймен жұмыссыздық деңгейі 4,8%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1% (жоспар 3,7%), құрап отыр.

Айта кетейік, Мегаполисте осы жылы 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2024 жылдың 1 тамызына дейінгі жағдай бойынша 27 168 адам қатысқан болатын.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ТҮСІМДЕРІ АРТҚАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ОҢ КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз