My CMS
Аймақ Қоғам

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ӨЗ ҰСТАНЫМЫН ДӘЛЕЛДЕЙ БІЛУІ КЕРЕК

Бүгін Астанада Мәслихат депутаттарының форумы өтуде.

Форумда Мемлекет басшысы Президент мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін жоспарлы түрде арттыру қажет екенін айтты.

«Мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі институт. Сондықтан оның тиімділігі депутаттардың кәсібилігіне тікелей байланысты. Біліміне білігі сай депутаттар корпусын жасақтауға, ең алдымен, оларды ұсынған партиялар мүдделі болуы керек. Бүгін мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру туралы ұсыныс айтылды. Мәслихат депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру үшін бұл бағытқа ерекше назар аудару қажет. Бұған Мемлекеттік басқару академиясын тарту керек. Партиялар өз депутаттарының біліктілігін жетілдіру мақсатында Академиямен ынтымақтастық орнатқаны жөн деп санаймын. Әрине, бұл жұмысты аймақтың ерекшеліктерін, халық қалаулыларының кәсіби және қоғамдық-саяси тәжірибесін ескере отырып ұйымдастыру қажет»-деді, Президент.

Жалпы, депутаттар өздері сайланған тұрғылықты жері бойынша халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аударумен айналысады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат депутаттары сайлаушылармен тұрақты байланыста болуға, оларды мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы үнемі хабардар етіп отыруға міндетті. Депутаттар мәслихатта партиялардың өкілдері ретінде азаматтарды қабылдауды және округтер бойынша жеке қабылдауларды жүргізеді.

Сонымен бірге депутаттар халықпен тікелей байланыс жасай білуге және өз жұмысы туралы қоғамды жан-жақты хабардар етуге тиіс. Оны сапалы өткізу де тыңғылықты дайындығы болуы керек. Себебі, саясат дағдыларын меңгеру, адамдармен сөйлесе алу және ашық диалог кезінде өз ұстанымын дәлелдей білу өте маңызды. Бүгінгі форумның да осы мәселелер туралы айтылып, мәслихат депутаттарының халықпен жұмысын жандандыру бағытында ұстанымы маңызды болып отыр.

ИСХАХОВ ТАЛГАТ

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Bal Tekstil» ЖШС директоры

Қатысты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ САНЫ 35%-ҒА АРТТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗАНАҚ ӨСІРЕТІН ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ: САЙРАМ АУДАНЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕҢЕС ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз