My CMS
Аймақ

«SHYMKENT – TALANTS SHOW» КЕШІ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ ТАНЫТАТЫН ІС-ШАРА

Шаһардағы Қазақстан-Түркия достығы саябағында «Shymkent — Talants show» іс-шарасы өтті. Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған іс-шара қала тұрғындары мен жастардың жазғы мезгілдегі бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылықтарын шыңдау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат еткен.

Ашық аспан астында өткен кеште қала тұрғындары мен жастары музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен түрлі көңілді әндер шырқады. Көңілді кеште Еңбекші ауданының белсенді жастары қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлады. Еңбекші ауданының белсенді жасы, дәстүрлі әнші Сәрсенбек Баймұрат және басқа да жастар өз өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ, іс-шарада кез келген қала тұрғыны өз өнерлерін паш етуге мүмкіндік алды.
Айта кетейік, алдағы уақытта қала тұрғындары мен жастардың жазғы мезгілдегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар тізбегі өз жалғасын табады.

Қатысты жаңалықтар

Литвалық дәрігерлер шымкенттік медицина мамандарына шеберлік сабағын өткізді

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕҢБЕК – ЫРЫСТЫҢ БҰЛАҒЫ, БАҚЫТТЫҢ ШЫРАҒЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНДА 28 КОМПЛАЕНС ОФИЦЕРЛЕРІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз