My CMS
Аймақ

14 – 17 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес іс-шаралар тізбесі

14 наурыз «Көрісу күні – Амал мерекесі» күніне арналған «Көрісу-жаңа өмір, жаңа күн» іс-шарасы қаланың көрікті негізгі үш локациясында, яғни «Арбат» демалыс аймағы, «Абай» саябағы және «Астана» алаңынан бастау алып, орыс драма театрының ғимаратында жалғасады. Кешке Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында “Дариға жүрек” поэтикалық толғау премьерасына ұласады. Іс шараға қала әкімі, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысады.

15 наурыз «Қайырымдылық» күні аясында, қарттар үйі,  балалар үйі мен көпбалалы отбасыларға арнайы мерекемен құттықтау іс-шарасы өткізіледі. Сондай-ақ, қала әкімінің қатысуымен көпбалалы аналар, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен зиялы қауым өкілдеріне ауызашар беріледі.

16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» Наурыз алаңында  мәдениет мекемелерінің ұйымдастырумен алты бөлімнен тұратын «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Жақсының орнына аунату», «Тұсаукесер», «Ашамайға мінгізу», «Құлақ тесу», «Бұрымын өру»,  «Қызды оң босағаға отырғызу», «Қыз ұзату», «Беташар», «Тілеу көже дайындау» ғұрыптары насихатталып көрсетілетін музыкалық-театрландырылған қойылым өтеді.

17 наурыз «Шаңырақ күні» аясында перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің  ата-аналарына «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйлары табысталады.

Қатысты жаңалықтар

На Кошкарате отдыхают тысячи шымкентцев, а мусор убирают десятки

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚҰРАЙТЫН 59 ЖОБА ЕНГІЗІЛГЕН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз