My CMS
Аймақ Саясат Соңғы жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Данабек Исабеков пен Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Кездесу — Қазақстан халқы Ассамблеясының диалог алаңын пайдалана отырып, этносаралық татулық пен бірлікті сақтау жолындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздеді.
Іс-шараны Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев жүргізді.
Жиынға қалалық мәслихат депутаты Абзал Зейнетаев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, сондай-ақ қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Этномәдени бірлестік өкілдері өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу соңында депутаттар этномәдени бірлестіктердің қоғамдық өмірдегі маңызын ерекше атап өтіп, ынтымақ пен бірлікке бағытталған бастамаларға әрдайым қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӘУЕ ТАСЫМАЛЫНЫҢ ҚҰНЫ ҚЫМБАТТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БИЫЛ ПОРТАЛДА 1 352 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛҒАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз