My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында «Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын. Қоғамға қауіпті кеселдермен күресуге зиялы қауым, ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, барлығы бір кісідей жұмылуы керек. Мұны әрбір азаматтың және бүкіл қоғамның міндеті деп түсіну қажет. Себебі бұл – ұлттың болашағына тікелей қатысы бар мәселе», — деген болатын.

Осы орайда, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қаладағы жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге қаладағы 8 жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысты.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тапсырған негізгі міндеттерін іске асыру мен басқа да маңызды бастамаларына тоқталып, аталған бағыттағы жүргізілетін жұмыстарға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, қалада мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастар арасында жаңа құндылықтарды қалыптастыру, жаман әдеттер мен жағымсыз қылықтардан, қауіпті кеселден сақтау үшін белсенді жұмыс жүргізуге шақырды.

Кездесу соңында лудоманияға қарсы, синтетикалық есірткі тасымалымен күрес, суицидтің алдын алу, жастарды психологиялық қолдау және т.б. өзекті мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, жүргізілетін жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды. Сөз соңында, қала әкімінің орынбасары қоғамдағы зиянды дүниелермен бірге күресуге шақырды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ТАЗАЛЫҚ – БАРШАҒА ОРТАҚ

ulanonlinejob_r46y8xlo

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАР, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз