Шымкент қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесіп, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау саласындағы инвестициялық бағдарламаның орындалу барысымен танысты. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласы әкімдігі бірлесіп, Шымкент қаласында 2022-2026 жылдар аралығында жылу жүйелерін жаңартуға бағытталған Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда.
Былтырғы жылы бұл бағдарлама аясында 440 метр жылу желісі қайта құрылды, ал биылғы жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 480 метр жылу желісі жаңартылды. Үнемделген қаржы есебінен қосымша жылу желілерін ауыстыру жоспарлануда. Аталған инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттардың саны 29,4%-ға азайып, ысыраптар көлемі қысқарып, жылу энергиясын беру сапасы айтарлықтай жақсарады.
Сондай-ақ, «Қуатжылуорталық-3» МКК Шымкент қаласындағы жылу жүйелерінің 100%-ына қызмет көрсетеді, жылу энергиясын өндіруші, беруші және жабдықтаушы болып табылады. Қазіргі уақытта қалада 2 306 көпқабатты тұрғын үй, 287 бюджеттік мекеме және 248 заңды тұлға жылумен қамтамасыз етілген. Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 880,542 шақырымды құрайды, оның 823,842 шақырымы «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның балансында, ал 56,7 шақырымы «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тиесілі.
Еске сала кетейік, аталған инвестициялық бағдарламаға жалпы сомасы — 81 878,21 мың теңге көлемінде қаржы қаралған.