Бүгінгі таңда Шымкент қаласында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және заманауи технологияларды пайдалану мақсатында қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Былтыр қаладағы 20 қоғамдық орынға — 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылған болатын. Қазір қосымша тағы 5 қоғамдық орынға 15 Wi-Fi құрылғысы орнатылып, жалпы саны 70 Wi-Fi құрылғысы іске қосылды. Бұл қала тұрғындарына кез келген қоғамдық орында интернетке оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тұрғындарға заманауи технологияларды пайдалануға қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Былтыр қаладағы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылған болатын. Қазір қосымша тағы 5 қоғамдық орынға 15 Wi-Fi құрылғысы орнатылып, жалпы саны 70 Wi-Fi құрылғысы іске қосылды. Тегін Wi-Fi желілері саябақтарда, алаңдарда, мәдени орталықтарда және басқа да орындарда интернетке қосылып, қажетті ақпаратты жылдам алуға, жұмыс істеуге, білім алуға, немесе әлеуметтік желілерді пайдалануға мүмкіндік береді. Желілер қаламызда Бәйдібек би алаңына, Әкімдік маңына, Аэропортқа, Дендросаябаққа, Нұрсат аллеясына, Назарбеков көшесіндегі гүлзарға орнатылды.
Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін «2GIS» қосымшасына арнайы бөлім енгізілді. Бұл бөлімде жедел қызметтердің байланыс нөмірлері, олардың орналасқан жері және қаладағы тегін Wi-Fi желілері туралы толық ақпарат көрсетілген. Мұндай шешім қала тұрғындарының қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуін жеңілдетеді және қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында оптикалық интернет қамту үлесін де артып келеді. Қаладан шалғай орналасқан 15 елдімекенге талшықты оптика желісі қойылды. Елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.