My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ОРМАН ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағында «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 4 мың 826 га, оның ішінде орманды алқабы 2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрайды.

Орман қорын қорғау мақсатында екі шаруашылықтың балансында, жалпы 3 бірлік негізгі өрт сөндіру техникасы, 14 бірлік бейімделген техника және 279 өрт сөндіру құралдары мен 6 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен 20 жеке құрамы дайындыққа келтірілген. Бүгінгі таңда, өрт қауіпі кезеңде орман дала өрттерінің туындау тәуекелін төмендету мақсатында азаматтық қорғау, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметінің және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері қатарынан мобилді топтар құрылып, мемлекеттік орман қоры аумағына жеке тұлғалардың белгіленбеген орындарда от жағу және көлік құралдарының кіруін шектеу бойынша рейдтік іс- шаралар жүргізілуде.

Биылғы жылғы өрт қауіпті кезеңге ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1110,5 км құрайтын минералдандырылған жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында – 241,4 км, орман алқаптарында — 467 км және егіс алқаптарының айналасында — 402,1 км.

Ал Департаментте, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника (негізгі — 5, арнайы — 4, қосалқы — 4) және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.

Өрт қауіпті кезеңде орман қоры аумағында пилотсыз ұшу аппараттарымен айровизуалды бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған жауынгерлік 5 дана пилотсыз ұшу аппараттары дайындыққа келтірілген. Оның 4-і жылу анықтағыш камералармен жабдықталған.

Сондай-ақ орман дала алқаптарында табиғи өрттер орын алған жағдайда орман шаруашылығы мен азаматтық қорғау органдарының арасында жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында радиобайланыс орнатылып, күнделікті тексеру жұмыстары орындалуда.

Қатысты жаңалықтар

БІЗ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗДЫ ЖАСАДЫҚ!

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТЕ БҰРЫҢҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ ОРНЫНДА ЭКОПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫ БІР ГҮЛЗАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз