Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын. Президент тапсырмасы аясында, бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және технопаркке материалды техникалық базаны жеке инвесторлар есебінен қаржыландырылуда.
Шымкент қаласында оптика желісін жүргізу үшін инвесторлармен меморандум түзіліп, жыл соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Білім беру ордаларында интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда. Оның ішінде 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған. Ал, ағымдағы жылы қоғамдық 5 орындарға — 15 wi-fi құрылғыларын орнатып, жалпы саны — 70 wi-fi құрылғылары іске қосылды. Сонымен қатар талдау нәтижесі бойынша мобильді байланыс операторларымен бірлесе интернет сапасы төмен 42 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, 30 нүктеде базалық станция қолданысқа енгізілді.
Сонымен қатар, алдағы уақытта қала аумағында — 109 бағдарламалық қамтамасыз ету мобильді қосымшасы қосылатын болады. 109 бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылдан бері қала өмірінің барлық салалары бойынша тұрғындардың өтініштерін қабылдау бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, ситуациялық орталықтың бағдарламалық қамтылуы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, басшылар рейтингі модулі, топ 10 аудан бөлінісіндегі өтініштер модулі, топ 10 көрсетілетін қызметтердің модулі, топ 5 қызметтер санаты, топ 5 ұйымдардың мерзімі өткен, қызметтер бөлінісіндегі өтініштер статистикасын бақылау, өтініштердің түсу статистикасы және орындаушылар бойынша өтініштердің мәртебесі.