My CMS
Аймақ

БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 222 АДАМ ҮШ АЙЛЫҚ КӘСІПТІК ОҚУҒА ЖІБЕРІЛЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның сапалы жүзеге асырылуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін 4,5%-тен асырмау қажеттігін ескерткен болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, бүгінде жұмыссыз азаматтарды қолдау аясында бірнеше бағдарламалар іске қосылып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары қарқында жүргізілуде.

Шымкент қаласында бүгінде жұмыспен қамтудың үш бағыты – қысқа мерзімді кәсіптік оқу, атаулы әлеуметтік төлемдер және субсидияланатын жұмыс орындары жүргізілуде.

Осы орайда, Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығы мен аудандық мансап орталықтарының мамандары шалғай елді мекендегі халықпен кездесіп, жұмысқа орналасу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті ақпараттық-түсіндіру жиыны Қаратау ауданы Шапырашты мен Өтеміс елді мекенінде ұйымдастырылды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына – «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс», «Ұрпақтар келісім шарты» және зейнет жасына жақындаған жандар үшін «Күміс жас» бағдарламасы кіреді. Бағдарламаға қатысушылардың айлық жалақысы мемлекет тарапынан төленеді.

Қаратау ауданында өткен жылы 479 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысып, оның 416-сы сабақты толық аяқтап, сертификатқа ие болды. Қазіргі сәтте бұл азаматтар тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған. Ауданда 2024 жылы бұл бағытта 222 адамды үш айлық кәсіптік оқуға жолдау көзделіп отыр.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу мерзімі 3 ай. Оқуға жолданған азаматтарға бір реттік 2 АӘК көлемінде материалды көмек пен ай сайын шәкіртақы төленеді.

Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға ниет еткен азаматтар Бәйтереков №89 мекен жайындағы Қаратау аудандық мансап орталығының бөлімшесінен кеңес алуға болады. Байланыс нөмірі: 8 775 117 94 15

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТҚАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН СТУДЕНТТЕР ЖОЛДАУДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ – ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ» КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз