My CMS
Қоғам

Шаруалар жем-шөп егуге басымдық береді

Биыл шаруалар жемшөп дақылдарын егуге басымдық береді. Ал бидай алқаптары керісінше азайтылады.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Айдарбек Сапаровтың айтуынша, мұндай шешім елдегі жемшөп тапшылығының алдын алмақ. Суды көп талап ететін күріш пен мақта егістерін қысқарту да жоспарда бар. Үкімет басшысы жауапты ведомстволарға диқаншыларды қажетті дақылдармен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ биыл оларды қолдауға бағытталған қаражат көлемі артқанын мәлімдеді.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі: – Мемлекет биыл егістік және оны жинау жұмыстарына өткен жылға қарағанда екі есе көп, барлығы 220 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Сонымен қатар тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алу құнының 50 процентін субсидиялау әрі қарай жалғасады. АШМ әкімдіктермен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар дақылдар мен жемшөпті жеткілікті көлемде егуді қамтамасыз етсін. Өткен жылы еліміздің кейбір аймақтарында жемшөппен қамтамасыз ету бойынша проблемалар болғанын білеміз. Биыл бұл жағдай қайталанбауы тиіс.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/532561-sharualar-zhem-sh-p-eguge-basymdy-beredi

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ГАЗИФИКАЦИЯ ЕНБЕКШИНСКОГО РАЙОНА: ШАГ ЗА ШАГОМ К 100% ОБЕСПЕЧЕНИЮ

ulanonlinejob_r46y8xlo

2024 ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 140 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз