My CMS
Аймақ

ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ БІРІНДЕ ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңей­тілген кеңесте су проблемасына да ерекше тоқталып өткен еді. «Суды үнемдеп тұтынуымыз керек. Мен су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтып жүрмін. Сарапшылардың пайымда­уынша, 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін», деген болатын.

2023 жылы Шымкент қаласының тұрғындарын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту көзделген болатын. Бүгінде қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынып келеді. Атап айтқанда, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары.

Қазіргі таңда қалада ауыз су бағыты бойынша барлығы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елді мекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-дан 99%-ға жетеді.

Шымкент қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Сайрам» тұрғын алабында құрылысы аяқталған ауыз су жүйесін іске қосу шарасына қатысты. Бұған дейін елдімекеннің 19 мыңға жуық тұрғыны жазда ауыз су тапшылығын көріп келген болатын.

Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді.

Айта кетейік, бұған дейін абоненттер ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша тұтынып келген.

Ал, бүгіннен бастап тұрғын алап халқы ауыз суға қосылуға өтінім бере алады. Алдағы уақытта “Құрсай” шағын ауданының тұрғындарын да толық тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Назар аударыңыз!

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ «SHYMKENT  IT HUB» ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКІ АШЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АЭС БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз