Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет», — деген болатын.
Осы мақсатта, Шымкент қаласының аумағында қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 36,4 шақырымды құрайтын 20 көшені абаттандыру, көгалдандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы мәлімдеді.
Бірінші «Таза өлке» апталығында қала аумағында санитарлық тазалау жұмыстары барысында көшелер, аяқ жолдар, ирригациялық жүйе, канал мен арық тазаланды. Сонымен қатар, ағаштарды әктеу мен санитарлық кесу жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылды.
Қазіргі уақытта, Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Қала аумағында санитарлық тазалау жұмыстары барысында көшелер, аяқ жолдар, ирригациялық жүйе, канал мен арық тазалануда. Сонымен қатар, ағаштарды ақтау мен санитарлық кесу, шөп ору, көшелерді жуу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған іс-шараларға 190 мыңнан аса адам, 2100 ден өндірістік пен кәсіпкерлік нысан, 681 әлеуметтік нысан қатысты, 9157 бірлік техника жұмылдырылды. Науқан барысында 8 мың шақырымнан астам көше, 9 мың шақырымнан астам аяқ жол, 724 шақырымнан астам ирригациялық жүйе, канал мен арық тазаланып, нәтижесінде 9 мыңнан тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, аяқ жолдарды реттеу, сырлау, жол жиектерін жуу мен тазалау жүргізілді. Қазіргі уақытта, қала аумағында көгалдандыру, санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары бекітілген іс-шаралар өткізу жоспарына сәйкес күнделікті атқарылуда. Аталған жұмыстарға күнделікті 2000-нан аса жұмысшы, 150 арнайы техника жұмылдырылады. Қала тұрғындары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері және ерікті жастар белсене атсалысуда.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 6 сәуір – 18 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясындағы өңірде жалпыға бірдей қалалық тазалық науқаны өткізілді.