My CMS
Аймақ

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ ШЫМКЕНТТЕ 96  ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде отын-энергетика кешенінің Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқаратынын айтты. Президент мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар нақты міндеттер қойды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті газ саласын дамытудың басымдығын арнайы атап өтіп, газ құбыры жүйесін дамыту ісінде жақсы нәтижелер бар екенін айтты. Бұл ретте, ол Үкіметтің назарын халықты газбен қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.

Президент тапсырмасына сәйкес, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовпен кездесіп, газ саласындағы ынтымақтастық және индустриялық аймақтардағы жаңа инвестициялық жобаларды газбен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бүгінде Шымкентте табиғи газбен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін тағы жеті тұрғын алап пен шағынауданды газбен қамту жоспарланып отыр. Тағы бір айтатын жайт, бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан индустриялық аймақтарда өңдеуші кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясын салу мүмкіндігі қарастырылды.

Қала басшысы сондай-ақ газ саласы мамандарының біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін растау бойынша «QazaqGaz» корпоративтік оқу орталығының ашылуына қатысты.

Бұған дейін қала басшысының тапсырмасы бойынша газ жабдықтары мен инженерлік жүйелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалалық газ техникалық қызметі құрылған болатын.

Осыған байланысты шаһар басшысы салалық басқарма басшылығына газ техникалық қызметі мен газды пайдаланатын барлық ведомстволық ұйымдардың қызметкерлерін осы оқу орталығында оқытуды ұйымдастыруды қолға алуды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

ОТАУ ҚҰРҒАН ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ АУРУХАНА БАЗАСЫНДА ГОСПИТАЛДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз