My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Мемлекет басшысы инфрақұрылым жоспарының негізгі басымдықтарын айқындап, аталған жоспарды қайта қарауды тапсырған болатын. Елімізге ауқымды инвестиция тартудың тағы бір маңызды шарты – Ұлттық инфрақұрылым жоспары. Бұл құжат сапалы әзірленуге тиіс. «Негізгі басымдықтарды айқындап, стратегиялық маңызы бар жобаларға жеке инвестиция тарту мәселесін мұқият ойластыру керек. Тек аса қажет болған жағдайда ғана қаржылай қолдау шараларын қарастырған жөн», деген болатын.

Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Министрді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қарсы алып, ең алдымен “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағын таныстырды. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан толыққанды тоқыма кластерін аралап, алдағы жоспарларын пысықтады.

Бұл аймақ тоқыма химия, мұнай-химия салаларын және ішінара машина жасау өндірістерін дамыту үшін қолайлы инвестициялық алаң саналады.

Өндірістік пул 65 жобадан тұрады. Онда 4 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда жалпы инвестиция сомасы 58,7 миллиард теңгеге 39 жоба іске асып, 1 984 жұмыс орны ашылған.

Өндіріс алаңына инфрақұрылым жүргізіп, жағдай жасау үшін бюджеттен 8,2 миллиард теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде өнімдерді дамыту үшін қазір 22-ден астам инфрақұрылым нысаны салынды.

Министр аралау барысында “Оңтүстік АЭА» кеден бекетінің бақылау-өткізу пунктімен де танысты.

Сонымен қатар, Мәди Тақиев мегаполиске арнайы жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен және «Бал Текстиль» ЖШС өкілдерімен кездесіп, бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ халық пен кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ- САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ -БАСТЫ МІНДЕТ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТУ ЖОСПАРЛАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

МОДЕРНИЗАЦИЯ: БИЫЛ 38 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз