Қаржылық пирамидасы дегенiмiз – жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебiнен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдiсi. Яғни, пирамиданың бiрiншi қатысушыларына табыс кейiнгi қатысушылардың салымы есебiнен төленедi. Көп жағдайда соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды. Қазіргі таңда осындай алаяқтардың арбауына түсіп, алданып жатқандардың қатары көп.
Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаменті Өңірлік коммуникациялар қызметінде берген брифинг барысында Департаменттің негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қала аумағында қаржы пирамидаларымен күрес және олардың алдын алу, қылмыстарды туралы баяндады. Қазіргі интернет дамыған заманда әртүрлі заңсыз сайттар және парақшалар пайда болуда, әлеуметтік желілерде заңсыз қызметтер орын алуда, пирамида және лудомания жарнамалары көп кездесуде.
Бұл бағытта департамент Агенттікпен Цифрлық даму, инновациялар министрлігімен бірлесе атқарылған жұмыстар нәтижесінде, заңсыз веб-сайттарды және парақшаларды бұғаттау мүмкіндігі берілген (заңсыз ойын бизнесі және қаржылық пирамида саласында).
Бұл мүмкіндік «Кибернадзор» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Осы жұмыс нәтижесінде жыл басынан 450-ден астам қаржылық пирамида жарнамалайтын веб-сайттар және әлеуметтік желілердегі парақшалар бұғатталып, ватсап және телеграмм жүйелеріндеі 10 топ жабылған.
Телеграм желісінде «Байқа пирамида», «AFM Insider» боттары жұмыс жасайды, олармен кез келген тұлға белгілі бір жобаға ақша салудан алдын оның қаржылық пирамида белгілері бар немесе жоқтығына тексеру мүмкіндігі бар. Аталған бағытта қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында 2024 жыдлдың 4 маусым күні Агенттік ұйымдастыруымен Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысы қолдауымен «АФМонлайн» іс-шарасы өткізілген.
Департамент тарапынан ұсыныс ретінде, халық көп шоғырланатын «Қажымұқан» стадионындағы экранды ауыстырып, орнына заманауи экранда үзіліс кезінде, матч басында халыққа қаржы пирамидасы, лудомания және т.б зияндығы туралы бейнероликтерді жариялау ұсынылады.
Себебі, профилактиканың ең тиімді жолы – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және насихаттау дейді, Қайшыбеков Бақыт Сапарғалиұлы — Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің басшысы.