My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТҚАН

Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жиі өткізіледі. Бұл қызметінен айырылған азаматтар мен жұмыс іздеп жүрген студенттер үшін таптырмас мүмкіндік. Кезекті бос жұмыс орыны – «Арбат» демалыс аймағында ұйымдастырылды. Іс-шарада қала аумағындағы 150-ге жуық мемлекеттік және жекеменшік мекемелерден 5 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Жыл басынан бері — 3 143 жас субсидияланатын жұмыс орындарына, 3 355 жас тұрақты жұмыс орындарына орналасқан болатын.

Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, жұмыс берушілерге ең бастысы еңбек құқығының бұзылмауына ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Соныдай-ақ, іс-шараға «AMANAT» партиясының қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыходжаев бастаған фракция мүшелері жұмыс беруші мекемелермен танысып, жәрмеңкенің барысын бақылады.

Іс-шара барысында қалалық Еңбек мобильділігі орталығының мамандары Enbek.kz электрондық еңбек биржасы ұсынған бос жұмыс орындарын халыққа таныстырды. Республикалық жәрмеңкеге үш өңірден – Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облысының Еңбек мобильділігі орталығының мамандары да қатысты. Олар шымкенттіктерге  өңіраралық көші қон мен жұмыспен қамту жөнінде кеңестерін беріп, еңбек шарттарын түсіндірді.

Бүгінгі жәрмеңкеде жұмыс берушілерден 500-ге жуық жас кеңес алып, 103 адамға жолдама берілді. Атап айтқанда,  50 адамға тұрақты, 30 қатысушы «Жастар практикасы», 18 жас «Алғашқы жұмыс» орнына, 5 адам «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы бойынша жолдама алды. Одан бөлек, 41 адамға қысқа мерзімді кәсіптік оқу мен қайтарымсыз грант, 77 тұрғынға Солтүстік өңірдерге ерікті түрде қоныс аудару жөнінде кеңес берілді.

Айта кетсек, Шымкент қаласындағы бес аудандық мансап орталығына 22 702 жас жұмыс жөнінде жүгініп, оның ішінде 9 133 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА 11 ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ, БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АПТА САЙЫН КЕҢЕС БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз