My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЕКІ КЕЗЕҢГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзінде «Бұған дейін ұсынылған «Қуатты өңір – Қуатты мемлекет» қағидасы – құр сөз емес. Бұл – еліміздің табысты дамуы үшін аса маңызды талап. Аймақтардың әлеуетін арттыру мақсатымен кезінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылды. Мұндай құрылымдар қазір барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді. Енді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды институтқа айналдыратын кез келді. Біз кәсіпкерлердің экономикадағы рөлін арттыруға баса мән беріп отырмыз. Яғни, жаңарған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жергілікті бизнестің бәсекелесі емес, сенімді серіктесі болуға тиіс.», — деген болатын.

Президент тапсырмасы аясында, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Маңызды келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Олардың қатарында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы және ағын суларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін цифрлық жабдықтар шығаратын зауыт салу туралы алдын ала келісімдер, сондай-ақ қаланы көріктендіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және қолданысқа енгізу туралы меморандум бар.

Жуырда қала әкімі инвесторларды аумағында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отырған «Жұлдыз» индустриалды аймағымен таныстырды. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған.

Бұл меморандумдар тек Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында да электромобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетін стратегиялық маңызды қадам саналады. Қала басшысы инвесторларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып,  әкімдік тарапынан тиісті қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАН АУМАҒЫНДА ОЙЫН АЛАҢДАРЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз