My CMS
Аймақ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 3 354 ЖАС «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ҚАМТЫЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Жастар практикасы — бұл  жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік беретінін  бағдарлама. Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, жұмыс істеуге бейімдеу. Бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беру. Бірақ жұмысы ауыр кәсіпорындар мен зиянды, қауіпті жұмыстарға жіберілмейді.

Елімізде жоғарғы оқу орнын аяқтаған жастарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру үшін «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоғары және арнаулы оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселесін шешудегі бірден-бір жол. Бағдарлама жастардың өз мамандығы бойынша практикалық тәжірибе жинақтауына жол ашып, болашақта тұрақты жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласында биыл 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, оның 3 354-і «Жастар практикасы», 1 031-і «Алғашқы жұмыс орны», яғни жас түлектерге арналған орын. Жыл басынан бері жастардың тәжірибе жинақтауына 892 адам, ал, алғашқы жұмыс орынына 1032 жас жолданған.

«Жастар практикасы» бағдарламасына қатысу үшін соңғы 5 жылда оқу орнын тәмамдаған және 35 жастан аспаған болуы керек. Айлық жалақысы мемлекет тарапынан төленеді. 2024 жылғы айлық есептік көрсеткіш бойынша бекітілген 30 АЕК – 110 760 теңгені құрап отыр. Бағдарламаға қатысу мерзімі – 12 ай.

Қажетті құжаттар, Жеке куәлік көшірмесі, Білімін растайтын құжат (қосымшасымен), еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда), банктен 20 сандық есепшот анықтамасы.

Оқу орнын бітірген түлектерді «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысып, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға шақырамыз!

Қатысты жаңалықтар

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ: ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАЛАНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІНДЕ 213 АДАМҒА ГРАНТ БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз