My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚҰРАЙТЫН 59 ЖОБА ЕНГІЗІЛГЕН

«Жуырда біз Инвестициялық кеңес құрдық. Оған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары төрағалық етеді. Кеңес шұғыл шешім қабылдау және жан-жақты мемлекеттік қолдау арқылы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына ықпал жасайды. Қатар компанияларын бизнес жүргізу үшін тың мүмкіндіктерді қарастырып, Қазақстан нарығына инвестиция салуға шақырамыз», – деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда, Шымкентте алғаш рет инвестициялық жобалардың интерактивті картасы іске қосылды. Бұл әр инвестициялық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын кезең-кезеңімен бақылауға мүмкіндік береді.

Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне қалаға жұмыс сапарымен келген «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, Өңірлік кеңес мүшелері қатысты.

Инвестициялық жобалардың интерактивті картасы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысына live-режимде мониторинг жасап, бақылауға және жобаларды дамыту барысын нақты түсінуге мүмкіндік береді.

«Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанның инвестицияға қолайлы мемлекет атануы. Интерактивті картаның көмегімен әр инвестициялық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын кезең-кезеңімен бақылауға болады. Қажет болған жағдайда түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдері картамен танысып, түйткілді тұстар мен оларды шешу жолдарын анықтай алады», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков.

Жиын барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Шымкент қаласының әкімдігі және Шымкент қаласының прокуратурасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Үшжақты келісім кәсіпкерлерге қолдау көрсету аясында инвестициялық картаны енгізуді және белсенді қолдануды көздейді.

Бүгінгі таңда инвестициялық жобалардың жалпы ұлттық бірегей пулының тізіліміне қала бойынша жалпы сомасы 443 млрд 56 млн теңгені құрайтын 59 жоба енгізілген.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БАУЫРЛАС ТҮРКИЯ ЕЛІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТКЕН ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫҒА ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АЛҒЫС БІЛДІРДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Senat Open шахмат турнирі

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз