My CMS
Аймақ Саясат Соңғы жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН» ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ САМАРҚАНДА ӨТТІ

Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастығының кезекті форумы сәтті ұйымдастырылды. Бұл ауқымды шараның негізгі мақсаты – екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру және түрлі салаларда ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Форум барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, екі елдің бірлескен ынтымақтастығын нығайту үшін сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қолдау көрсетуге бағытталған бірлескен келісімдер жасалды. Бұл келісімдер өңірлер арасындағы серіктестікті күшейтіп қана қоймай, олардың әлеуметтік және экономикалық дамуына оң ықпалын тигізеді. Шымкент қаласының әкімдігі де өз кезегінде Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойды. Бұл маңызды келісімдерге Шымкент қаласы әкімдігінің атынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, ал Самарқанд және Жизақ облыстары тарапынан облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойып, өңіраралық байланыстарды ресми түрде бекітті. Форум аясында Самарқан облысының бай туристік әлеуеті мен Жизақ облысында қарқынды дамып келе жатқан машина жасау секторы айрықша талқыланды. Осы келісімдер аймақтар арасында мәдени, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік салаларда тығыз байланыс орнатуға, инвестициялар тартуға және туризм саласын дамытуға зор мүмкіндіктер ашады. Өңіраралық ынтымақтастық форумының нәтижесі екі елдің арасындағы достық және іскерлік қарым-қатынастардың нығаюына, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның өзара тиімді серіктестікке ұмтылысына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 45 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 50 — ге ЖУЫҚ АҒАШ ЕГІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«БАРЫС» ЕЛОРДАДА РЕСЕЙЛІК КОМАНДАДАН ЖЕҢІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз