My CMS
Аймақ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ АЛҚАП ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ АРТАТЫН БОЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Диқандарымыздың жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды. Біз тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтың жан жақты дамуына бірдей мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс салтын жақсарту — біздің басты міндетіміз», — деді.

Биыл Шымкент қаласында жалпы көлемі 26,5 мың гектарға егіс егіледі. Бүгінгі таңда жоспардың 75 пайызға жуығы орындалды. 10 мыңнан астам гектарға дәнді дақыл, 8,6 гектарға мал азықтық, ал қалған аумаққа майлы дақыл, картоп пен көкөніс тұқымы себілді.

Сонымен қатар, алдағы күндері бақша мен майлы дақылдар егіледі. Жалпы бұл егіс алқабынан 86 мың тонна өнім жиналады деп күтіледі.

Өнімділікті арттыру мақсатында егін шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143 млн 226 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде 122 млн 146 мың теңгесі минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға, 20 млн 480 мыңы тұқым шаруашылығын дамытуға, ал 600 мыңы пестицид пен биоагенттердiң құнын субсидиялауға бағытталған.

Сонымен қатар, субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бөлінген 36 тонна жеңілдетілген жанар-жағармайға 1 870 гектар егіс алаңын құрайтын 5 шаруа қожалықтың өтінімі қабылданды.

Шымкент қаласы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген жеңілдетілген жанар-жағармайды таратушы оператор анықталып, «ҚазМұнайГаз» ҰК арасындағы тиісті шарт жасалды. Қазір бекітілген кестеге сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне үлестірілу жұмыстары жүріп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Президенттік сайлауда әр дауыс маңызды

ulanonlinejob_r46y8xlo

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз