My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА КЕШЕНДІ ЖОСПАРЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес деген болатын. Осы орайда, Шымкент қаласында ауыл шаруашылығын дамытуда кешенді жоспарлар жүзеге асырылып жатыр.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды. Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 27,5 мың га құраса биылғы жылы қалада егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың га жетіп, өнімділік 86,0 мың тоннаны құрайтын болады.

Сонымен қатар, қала аумағында 80-ге жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағада сатылуда.

Қала аумағындағы ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, эпизоотиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 596 мың, ірі қара, шошқа, жылқы–214 мың, ұсақ мал, ит, мысық–382 мың, құстар-103 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жүргізілген. Ал, 29 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 114,0 мың – ІҚМ, жылқы,уақ малдардан қан сынамалары алынып тексерілді.

Сонымен қатар, алдағы уақытта 8,5 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт және 160,0 млн дана жұмыртқа өндірілетін болады.

Сондай-ақ, брифингте зиянкестерді болдырмауда атқарылып жатқан істер де айтылды. Жыл басынан бері кенелерге қарсы энзоотиялық іс-шаралар бойынша, 1 950 000 ш.м. қора-жайлар мен жапсарлас аумақтар, 375 750 ш.м – ауыл шаруашылығы жануарлары шоғырланатын орындар, суаттар, жайылымдар мен мал иірімдері және қолайсыз аймақтар залалсыздандырылып, 74 850 бас — ірі қара малдар бүркуден,  77 660 бас уақ малдар тоғытылған.

Айта кету керек, Шымкентте жалпы 45 гүлзар, 12 саябақ , 35 өзен мен канал, 2 су қоймасы бар. Өткен айда осы аумақтарда толық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.

Қатысты жаңалықтар

14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігінің жоспары туралы баяндады.

ulanonlinejob_r46y8xlo

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШАНИНДІК ӘРТІСТЕР МӘСКЕУДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз