My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 28 000 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ғимараттарының құрылысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар нысандарды инженерлік коммуникациялармен қамту, абаттандыру жайын, сондай-ақ құрылысты салу және пайдалануға беру мерзімдерін егжей-тегжейлі пысықтады. Сонымен қатар, нысандарды салу кезінде қаланың жергілікті кәсіпорындарының, атап айтқанда, жиһаз фабрикаларының өнімдерін пайдалану қажеттілігі айтылды.

Жобаны іске асыру қала басшысының тікелей бақылауында. Мәжіліс қорытындысы бойынша қала басшысы құрылысты сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша жауаптыларға нақты тапсырма берді. Мектептерді заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету және жайлы мектептерге білікті мамандарды даярлау мәселелерін шешуді тапсырды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын аясында Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Оның ішінде 2000 орындық – 8 мектеп, 1500 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 7 мектеп және 600 орындық 1 мектеп бар.

Шымкент қаласында 2022 жылы 46 мектеп ашылса, 2023 жылы 21 мектеп пайдалануға берілген. Оның ішінде 3 мемлекеттік мектептің қосымша ғимараттары мен 19 928 оқушыға арналған 18 жекеменшік мектеп бар. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Шымкент қаласында үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесі толығымен шешімін тапқан.

Айта кетейік, Шымкент қаласында оқушыларды қосымша біліммен қамту мәселесіне айрықша назар аударылған. Тарқата айтқанда, 2022 жылы қалада қосымша біліммен қамту көрсеткіші 77,2 пайызды (191 199 оқушы) құраса, 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен 84.2 пайызды құрап, 210 278 оқушыға жеткен.

Қатысты жаңалықтар

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз