My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алдағы уақытта қоқыс полигоны аумағынан қоқысты қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталатынын мәлімдеді. Сондайа-ақ, бұл жөнінде қазіргі таңда шетелдік  инвесторлар ұсыныс білдіріп жатқанын жеткізді.

Шымкентте соңғы жылдары құрылыс нысандары көп бой көтеруде. Есесіне жасыл желек аз. Арша, шырша сынды жыл он екі ай түсін бермейтін қылқан жапырақты ағаштар азайған. Осы мәселені қолға алған жауапты мамандар биыл қыруар жұмыс атқарғандарын айтады. Мәселен, мердігер мекемелер 2023 жылы күзгі ағаш отырғызу маусымына орай 51 348 түп жай жапырақты, 9 586 түп қылқан жапырақты ағаш көшеттерін екті. Жай жапырақты ағаш көшеттерінің биіктігі 3,5-4 метр, қылқан жапырақты ағаш көшеттерінің биіктігі 2-2,5 метрді құрайды.

2023 жылы қала аумағындағы жасыл желектер мен көгалдарды суғару мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 111 су ұңғымасы қазылған болатын. Қаладағы әр ауданда 20 су ұңғымасы, автоматты суғару жүйелері жүргізіліп, сусорғы құрылғылары орнатылған.   Қыста да қала көшелерінде тазарту жұмыстары тоқтатылған жоқ дейді мамандар.

16 сәуірде толассыз жауған жауын-шашыннан қалада бірнеше көшені су басқан болатын. Соның салдарынан ирригация жүйелерінен су өтпей, жерасты жолдары мен аулалар, көлік жолдары, сауда орындары суға толды. Осы мәселе бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің сұрағына басқарма басшысы жауап берді.

– Қала ішінде орналасқан Л3 лотоктарында су сыйымдылығы мүлде болмай, су тасыды. Мәселенің шығу себебіне үңілетін болсақ, мұның тарихы тереңде жатыр. 1990-2000 жылдары ирригация жүйесін салғанда өзінің арнайы жолы болған.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«БҰЛ — МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫМ»

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ КЕЛГЕН КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз