My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЫСТЫҚ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізген болатын. Кеңес аясында, Кеңеске қатысушылар Қазақстандағы электр энергетикасы саласы мен атом өнеркәсібін дамытудың перспективаларын, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы тапшылығын шешу мәселелерін қарастырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және қуат өндіруші станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және саланы цифрландыру, электр желілеріндегі апаттарды азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы Энергетика министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігіне Қазақстандағы заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.

Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков инженерлік инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда, халықты сумен, электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету мәселелерін жеке бақылауына алған болатын.

Қазіргі уақытта қалада “3-Энергоорталық” АҚ қазандығынан жылу энергиясы мен ыстық су алатын 238 үйдің тұрғындары 2015 жылдан бастап жазғы уақытта ыстық суға қол жеткізе алмай отыр.

Шымкент қаласының басшысы инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында жауапты сала қызметкерлеріне тапсырма берген болатын. Тапсырма бойынша осы тұрғын үйлерді жыл бойына ыстық сумен қамтамасыз ету үшін ҚР-3 жергілікті қазандығы мен құбыр байламы жаңғыртудан өтті.

Бұл жұмыстар жуық арада қаламыздағы Теріскей, Сайрам, Күншығыс, Отырар және 18- шағынаудандарында тұратын 178 үйдің тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қала басшысының тапсырмасы аясында қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп, ыстық сумен қамту жұмыстары басталып кетті.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА 120 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

“ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДА АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ”

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз