Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Сондықтан осы мәселе әрдайым менің назарымда болады. Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгінде шырайлы Шымкент қаласы аумағында 14-35 жас аралығында 381 796 жас бар. Бұл жалпы қала тұрғындарының 32% құрайды.
Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бекітілген жастарға қызмет көрсету бойынша нысаналы индикаторларын орындау мақсатында жалпы 32 әлеуметтік және мемлекеттік тапсырыс негізінде жобалар қарастырылған.
Сонымен қатар, аудандарда Жастар ресурстық орталықтары ашылып, өз жұмыстарын жасауда. Бүгінде аудандық орталықтардың қызметі 5 бағытқа негізделген. Атап айтқанда, Жастарға қызмет көрсету бағыты, Талантты жастарды қолдау бағыты, Коворкинг орталығы, Шағын кітапхана және Психологиялық кеңес беру болып табылады.
Үкімет волонтерлікті одан әрі дамыту үшін 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын бекітті. 2024 жыл ТМД елдерінде Волонтерлік қозғалыс жылы деп жарияланды. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бішкектегі Достастық мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында қолдаған еді. Сондай-ақ Президент еріктілердің жыл сайынғы форумын өткізуді және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беруді ұсынды. Ізінше тараптардың Үкімет басшылары бас қосып, іс-шаралар жоспарын белгіледі. Ұрпаққа ұлттың ұлы қасиетін дәріптеуге баулитын шешім Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Мәскеу қаласына сапары барысында тиянақталды.
Осы орайда, Шымкент қаласында волонтер жастар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созу мақсатында гуманитарлық бекеттерде заттарды жинау мен тасуға және ретке келтіруге көмектесті.
Жақында ғана, Жастар ресурстық орталығында ашылған бекетке жалпы 1000-ға жуық ерікті жас тартылған. Айта кетейік, аталған гуманитарлық жұмыс әліде жалғасын тауып, қаламыздағы 4 маңызды орында өз жұмысын жалғастыруда.