My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНІҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен мәслихатының кезекті он төртінші сессиясында бірқатар мәселелер қаралды. Сессияда  қала депутаттары тарапынан бірнеше мәселелер көтеріліп, қолдау тапты.

Жиында алдымен «2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» қала мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев жалпы бюджет көлемін 70 миллиард теңгеге ұлғайту ұсынылғанын атап өтті. Шығыстарды жоспарлау барысында бюджеттің мүмкіндігіне қарай халықтың өзекті мәселелерін шешуге және қаланың дамуына қажетті бірінші кезектегі шығындарға басымдық беріліп отыр. Жалпы 2024 жылғы бюджетті нақтылау барысында қала бюджетінің көлемі бүгінгі таңда 654 миллиард теңгеден 724 миллиард теңгеге ұлғайту мәселесі қаралды.

Бюджет жобасы қоғамдық кеңесте қаралып, мәслихаттың тұрақты комиссияларында жан-жақты талқыланған. Депутаттар бюджетке ұсынылған толықтыруларды бірауыздан қолдап, тиісті шешім қабылдады.

Қала әкімі маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтіп, депутаттарға алғысын жеткізді.

– Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бюджет нақтыланып, бірқатар шешімдер қабылданды. Басты мақсатымыз – халықтың жағдайын жақсарту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру. Әр мәселені егжей-тегжейлі талқылауда белсенділік танытып келесіздер. Одан әрі де бірлесе жұмыс істейміз деп сенемін, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, жиында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бағытында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер, инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тапты.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

8 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

МОДЕРНИЗАЦИЯ: БИЫЛ 38 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз