Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
Осы орайда, Абай ауданы әкімінің аппараты жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі гендерлік комиссия төрайымы және комиссия мүшелерінің қатысуымен комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға өзгеріс енгізілуі, Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататынын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар.
Комиссия отырысына Абай АПБ әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының полиция майоры Бектемисова Гульвира, Шымкент қаласы полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде инспекторы, полиция аға лейтенанты Абай Айғаным, Абай ауданының Қазақстан «Қызыл ай» қоғамының және «Көмек» оңалту орталығының басшысы Малика Абдрашевна, Абай ауданының «Асыл Әлем» қоғамдық бірлестіктің төрайымы Нұргүл Қобланова, Абай ауданы «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталығы» КММ-нің директоры Бағдағұл Кубегеновна, Жастар ресурстық орталығы Психология бөлімінің бөлім басшысы Шынтөреева Айгул қатысты.
Сонымен қатар, ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде тиісті сала мамандарының баяндамалары тыңдалып, комиссия мүшелері тарапынан туындаған ұсыныс пікірлер талқыланды. Комиссия отырысы алдағы уақытта жалғасын табатын болады.