Шымкент қаласында табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған. 2023 жылы 9 нысанның (Қайнарбұлақ 1,2 кезек, Ынтымақ-2, Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас) құрылыс жұмыстарына 5,6 миллиард теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды (Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 гектар, Нұртас). Нәтижесінде, 49 мыңға жуық адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 94%-дан 96%-ға өсті.
Қазіргі таңда сапалы электр қуатымен 81 елді мекен толық қамтылған, немесе қамту көрсеткіші 100% құрайды. 2023 жылдың қорытындысымен 4 елді мекенде (Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт, Түркістан) ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алса, қалған 2 нысанның («Ақжар» 110/35/10 кВ, Тұран 10 (РП),) құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі болатын.
Қазіргі таңда, 81 шағын ауданның 25-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған.2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 миллиард теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 7 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.
2024 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2024 жылы қаламызда 81 елді-мекеннің 79-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам,) қамтамасыз етілуде.
2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды.
Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.